2025 жыл жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы - ДСМ

Бүгiн, 18:17 102

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің алқасында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алқаның күн тәртібінде не талқыланды?

Ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар.

Салалық статистиканың тиімділігі мен сапасын арттыру.

Ұзақ мерзімді келісімшарттарды қоса алғанда, 2025 жылға арналған медициналық көмекті сатып алудың жаңа тәсілдері.

 Жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру.

Алқаның қорытындысы бойынша не шешілді?

Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін аудандарға/қалаларға декомпозициямен егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеу.

Ауылдық денсаулық сақтау үшін телемедициналық қызметтерді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу.

Ауыл тұрғындарына дәрілік қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жол карталарын жасау.

Ауылдық денсаулық сақтау саласындағы тариф белгілеу саясатын жақсарту.

Салалық статистика саласындағы нормативтік актілерге ревизия жүргізу, көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында ауруларды кодтау бюросын құру.

Цифрлық технологияларды ескере отырып дәрігерлер мен мейіргелер үшін қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

МСАК жалпы практикасы дәрігерлерінің құзыретін одан әрі күшейту және өңірлерді білікті медициналық кадрлармен қамтамасыз ету үшін 2025 жылды – біліктілікті арттыру жылы деп жариялаймын. Бұл ретте, біліктілікті арттыру тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындары мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамына да әсер етуі тиіс,- деп атап өтті министр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: