Биыл Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды. Оның 12 млрд текше метрден астамы тасқын су, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Каспий теңізіне 17 млрд текше метр, Балқаш көліне 15,4 млрд текше метр және Солтүстік Аралға 2,5 млрд текше метр су жіберілді.
Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толып, 18 млрд текше метрден астам су жинады.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 4,7 млрд текше метрден астам, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне 80 млн текше метр су жіберілді.
Алғаш рет Ұлытау облысынан Сарысу өзені арқылы Қызылорда облысының көлдер жүйесіне 839 млн текше метр су келді.