2024 жылы қандай адамдар жетістікке жетеді?

22 Желтоқсан 2023, 17:15 7384

Қазіргі таңда нумерлогия қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптардың бірі. Біреуі сандардың адамның болашағын болжай алады десе, кейбіреуі жалған ақпарат деп қарайды. Алайда, қалай алып қарасақ та, нумерология сұранысқа ие.

Аталған сала мамандарының айтуы бойынша, туған күн – адам баласының мінез-құлығын, ғұмыр жолын және өмірлік миссиясын анықтап береді.  Бұны сандар арқылы жеке тұлға туралы ақпарат алудың ерекше әдісі деп есептейді және адамның дүниеге келген кезеңімен болашақты анықтай көптеген формулалар кездеседі деп біледі.

Нумеролог Илаха Самедова жай ғана сандар арқылы сізді 2024 жылы не күтіп тұрғанын анықтауға болатынын айтады. Ендеше, сіздердің назарларыңызға келер жылы алдыңыздан не күтіп тұрғанын ұсынамыз.

 

Кім үшін 2024 жыл ең сәтті жыл болады?

Егер, келер жылға сандар тұрғысынан қарасақ, алдағы он екі ай 8-діктердің жылы болады. Өйткені, 2024-ті (2+0+2+4=8) бір-біріне қоссақ, 8 саны шығады.

Биыл 8-дік сандары үшін сәтті жыл болады. Ал, қалғандары үшін бейтарап жыл болады, - деді нумеролог маман.

Осылайша, кез келген айдың 8, 17 және 26-сында дүниеге келгендерді алдағы жылда үлкен бақыт пен керемет сәттілік күтеді. Сондай-ақ, 1, 3, 5, 7 секілді тақ күнде туылғандардың да жолы болмақ.

 

Нумерология бойынша өз саныңызды қалай анықтау керек?

Нумерологтың төменде берген болжамын оқу үшін бірінші сізге өз саныңызды анықтау керек. Егер, туған күніңіз екі саннан тұрса, онда оны бір сан қылу керек. Одан кейін, биылғы жылдың санын (8) оған қосасыз.

Мысалы, сіз 24 ақпанда дүниеге келдіңіз. Ол жылдың екінші айы. Сондықтан келесі формулаға сүйене отырып, шыққан сандарды қосып шығасыз. 2+4+2+8=16.

Бізде бұл формула арқылы 16 саны шықты. Енді, осы шыққан екі санды бір-біріне қосып, қортынды шығарасыз. 1+6=7.  Осы арқылы нумерологтың төмендегі болжамын оқып шыға аласыз.

 

Нумерология бойынша жаңа 2024 жылға арналған жеке болжам

Нумерологиялық формула бойынша бір таңбалы санды алғаннан кейін, алдағы жылы қандай оқиғаларға дайындалу керектігін білу оңай. Өйткені, ғалымдардың айтуынша, адам өмірі тоғыз сандық циклға бөлінеді.

 

1 саны: Бәрін басынан бастау

Математикалық санау жүйесі 1 санын басталады. Барлық санақ бірден бастап есептеледі. Яғни, сіз өміріңізде, қызметіңізде жаңашылдықтар күтіп тұр. Сондықтан жұмыс ауыстыруға, бизнес ашуда, жаңа қалаға көшуде ойланбастан шешім қабылдасаңыз болады. Өйткені, сізді тек жетістіктер күтіп тұр.

Алайда, көп жағдайда бұл сіздің шешіміңіз бен өзіңізге тікелей қатысты. Жұрт не айтады деген пікірден аулақ болыңыз. Жаңашылдыққа басқан алғашқы қадамыңыз қиындықтарға толы болуы мүмкін. Бірақ, алға қойған мақсатыңыздан айнымай соңына дейін барсаңыз, сынақтардың соңы өміріңіздегі керемет жаңалықтармен аяқталады.

 

2 саны: Жаңа қарым-қатынас

2 санындағы жандар үшін биыл қарым-қатынас жылы болып саналады. Нумерорг мамандардың айтуынша, бұл сандағыларға келер жылда қоғамда белсенді болу керек. Соның арқасында, жаңа достар мен керемет әріптестер кездестіреді. Тіпті, бизнесмендер жаңа келісім-шарт құжаттарына қол қойып, үлкен табысқа жетуі мүмкін.

Ал, махаббат тақырыбына келетін болсақ, 2-ліктердің биыл жолы болады. Жалғыз жүргендер жанына серігін табады. Ал, кездесіп жүргендер отбасын құрады.

 

3 саны: Жақсылап ойлану

Аталған сандар үшін биыл жақсылап ойлану керек. Биыл оларға даму, өзі үшін жаңа саланы ашу және алдағы өмірін жоспарлау үшін таптырмас уақыт.

Бірақ, 3 санының ерекше екенін түсіну керек. Өйткені, сіздің өміріңіздің өткеніне айналған адамдар қайта есігіңізді қағуы ықтимал. Бәлкім, бұрынғы махаббатыңыз немесе ескі досыңыз. Алайда, өміріңізден кеткендерді көңіліңізге кіргізерде жақсылап ойланғаныңыз жөн.

 

4 саны: Тұрақтылық

Нумерологияда 4 саны физикалық қабілеті жоғары адамдар. Бір жерде тапжылмай отыруы қиын, үнемі қозғалыстар жүретін жандар. Бірақ, осы жылы сізге тұрақты болу керек. Өйткені, келер жылы сіздің жетістігіңіздің кілті тұрақтылықта. Алайда, асыра сілтеудің де керегі жоқ. Беліңізге көтере алмайтын шоқпарды байламаңыз. Басты талап бұл – демалысыңызды жақындарыңыздың жанында өткізіңіз.  

Егер, финанс тұрғысынан айтатын болсақ, биыл жылжымайтын мүлікке көп инвестиция жасаңыз. Өйткені, осы арқылы ғана сіз жақсы табысқа кенелуіңіз ықтимал.

 

5 саны: Өткен өмірмен қоштасу

2024 жылы 5 санындағы жандар үшін өзгерістерге толы болмақ. Бұл уақытта адамның ішінде ғана емес, айналасында да маңызды өзгерістер болады. Әдетте, мұндай кезеңдерде өміріңізде көптеген жаңа адамдар пайда болады, сонымен қатар іскерлік салада одан әрі даму мүмкіндіктері кездесуі мүмкін.

Алайда, бұл сандағылар үшін махаббатта оң өзгерістер болмайды. Ал, өткен өміріңізді мүлдем ұмытуға тура келеді. Себебі биыл сізге өз-өзіңізді дамытуға арналған уақыт деп көрсетілген. Егер, екінші жартыңыз болса, онда қарым-қатынасты сақтап қалу үшін оның қызуғышылықтарын аяқ асты етпеу қажет.

 

6 саны: Махаббат пен жауапкершілік

Адам баласы үшін бақытты кездердің бірі – ол сүйе білген және сүйікті бола білген кезеңі. 6 санындағыларға дәл осындай уақыт туып тұр.

Бастысы махаббат ол жауапкершіліктен тұратынын ұмытпаған жөн. Сол арқылы сіз өмірлік жарыңызды тауып, ғұмырыңызға серік болатын адал жарды жолықтыра аласыз. Егер, жанұялы адам болсаңыз, онда бар махаббат пен мейіріміңізді сол жандарға бөліңіз. Сонда ғана сіздің жұмыста да, өмірде де жолыңыз болмақ.

 

7 саны: Рухани өзгерістер уақыты

Аталған сандағы жандарға өткен өмірін толықтай қарап шығу керек. Рухани ізденіске көп түсу керек. Өйткені, бұл жылы сіздерге де өткен күннің елестері көп келуі ықтимал. Ең бастысы қабылдаған шешімнен артқа қайтпау қажет.

Айналаңыздағы адамдардың өмірінде боп жатқан қиындықтар кезінде жанынан табылыңыз. Себебі, бұл арқылы сіз өмірдің түсінбей жүрген тұстарын түсініп, іштегі сұрақтарыңызға жауап табасыз. Тек, рухани өзгеру керек екенін есіңізден шығармаңыз.

 

8 саны: Абай болғаныңыз жөн

Келер жыл сіз үшін табысты жыл болады. Мансап, ақша және де іскерлік жағынан жолыңыз ашық. Алайда, абай болған жөн. Өйткені, өткен өміріңізде жіберген қателіктер алдыңызға қайта оралады. Сондықтан, әр проблеманы ақылмен шешуге тырысу керек. Әйтпесе, сіздің жетістіктерге толы жылыңыз ең сәтсіз жылға айналуы мүмкін.

Одан бөлек, адамдарға өз білгеніңізді үйретуге тырысып көрген жөн. Себебі, сіздің өмірлік тәжірибеңіз басқаларға көп көмектесуі ықтимал.

 

9 саны: Кезеңдер аяқталады

2024 жыл тоғыздықтар үшін қызыққа толы жыл болмақ. Өміріңізде көп нәрсе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Тек, оған дайын болған жөн.

2024 жылы сіз үшін керемет жаңалықтар орын алуы ықтимал. Мысалы, шаңырағыңызда сәби үні естіліп, жаңа жұмыс орнын тауып және сүйген салаңыздың биігіне жетіп қаласыз.

Сізге жаңа серіктес табу қажет. Ондай адам жетістікке жету жолында энергия алмасып, күнделікті пікір алмасып тұруға көп көмегін тигізеді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: