2024 жылы оқуға арналған 48 кітап

3 Қаңтар, 17:07 6544

Мультимиллиардер дегенде бірінші ойға оралатын Стив Джобс, Билл Гейтс, Сергей Брин сияқты кәсіпкерлер өздерінің сәттілік формуласымен бөліскенде, мотивациялық кітап оқу туралы айтады. Олар кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдырған. Жұмыс үстелінде, жатын бөлмесінде әрқашан кітап алып қояды. Apple компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең табысты бизнесмендердің бірі атанған Стив Джобс Эндрю Гроувтың «Параноиктер ғана аман қалады» атты кітабы өмірін түбегейлі өзгерткенін айтады. Аталмыш туынды іскерлік әлемінде үлкен танымалдыққа ие.

 Ал Google-дың негізін қалаушы Сергей Бриннің сүйікті кітабы кәсіпкерлік қабілетін шыңдай түскен. Бұл әйгілі «Сіз, әрине, қалжыңдайсыз, мистер Фейнман» кітабы. Оның авторы Ричард Фейнман – Нобель сыйлығының иегері. Әлемдік тағы бір бай Билл Гейтс Джошуа Фоердің «Эйнштейн Айда серуендейді» кітабы аналитикалық ойлау қабілетін дамытқанын, сол арқылы миллиондар табуға себеп болғанын айтады. Осы ретте El.kz ақпарат агенттігі тұлғалық қабілетіңізді дамытып, критикалық ойлауыңызды шығдай түсетін кітаптарын тізбегін ұсынады. Әр ай сайын 4 кітап оқу арқылы жыл соңына дейін 48 кітапты оқып шығуға болады.

Қаңтар

  1. Саймон Синек «Неге деген сұрақтан бастаңыз». Ұлы көшбасшылар төңірегін қалай шабыттандырады?
  2. Маршалл Б, Розенберг «Қиянатсыз қарым-қатынас» Өмір тілі
  3. Эрик ШмидтДжонатан Розенберг « Google қалай жұмыс істейді»
  4. Джей Хайнрикс «Дәлелді сөйле»

Ақпан

  1. Робин Шарма «Феррариін сатқан монах»
  2. Экономика (10 оқуға тиіс кітап топтамасынан)
  3. Келіссөз (10 оқуға тиіс кітап топтамасынан)
  4. Брэд Стоун «Бәрі бар дүкен. Джеф Безос және Amazon дәуірі»

Наурыз

  1. Дэниел Пинк «Drive»
  2. Уолтер Айзексон «Код бұзушы. Дженнифер Даудна, генді өңдеу және адамзаттың болашағы»
  3. Менеджмент (10 оқуға тиіс кітап топтамасынан)
  4. Райан Холидей «Кедергіден келешекке»

Сәуір

  1. Робин Шарма «Лауазымсыз көшбасшы»
  2. Ли Куан Ю «Үшінші әлемнен – біріншіге.
  3. Уолтер Айзексон «Эйнштейн. Өмірі мен ғаламы»
  4. Джонатан Хайдт «Дұрысшыл сана»

Мамыр

  1. Стивен Хокин «Ғалам туралы екі ауыз сөз»
  2. Морган Хаузел «Ақша психологиясы»
  3. Робин Шарма «Таңғы 5 клубы»
  4. Сьюзан Кейн «Интроверт»

Маусым

  1. Остин Клеон «Ұрласаң, жымын білдірме»
  2. Джек Уелч, Сьюзи Уелч «Жеңімпаз»
  3. Табыс (Оқуға тиіс 10 кітап топтамасынан)
  4. Наполеон Хилл «Ойлан да байы»

Шілде

  1. Смаюель Хантингтон «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіпті қайта құру»
  2. Джордан Б. Питерсон «Өмірдің 12 ережесі»
  3. Байлық (Оқуға тиіс 10 кітап топтамасынан)
  4. Ник Буйчич «Өмірде шектеу жоқ»

Тамыз

  1. Бенджамин Грэм «Ақылды инвестор»
  2. Дарон Аджемоглы, Робинсон «Мемлекеттер неге дамымай қалады?»
  3. Уолтер Айзексон «Стив Джобс» кітабы
  4. Джордж Клейсон «Вавилондағы ең бай адам»

Қыркүйек

  1. Джозеф Мөрфи «Түпсананың күші»
  2. Дон Мигель Руис Жанет Миллс «Төрт келісім»
  3. Энтони Роббинс «Бойыңдағы алыпты оят»
  4. Джеймс Клир «Атом әдеттер»

Қазан

  1. Пауло Каэло «Садақшы»
  2. Дейл Карнеги «Шешендік өнер»
  3. Көшбасшылық
  4. Кемелдену

Қараша

  1. Гэри Бишоп «Бас қатырма, өмір сүр»
  2. Робин Шарма «Сен өлгенде кім жылайды?»
  3. Дейл Карнеги «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері»
  4. Дейл Карнеги «Алаңсыз өмір сүру хикаялары»

Желтоқсан

  1. Кэрол Дуэк «Ойлау. Табысқа жетудің жаңа психологиясы»
  2. Рой Баумайстер, Джон Тирни «Ерік-жігер»
  3. Анжела Дакуорт «Табандылық»
  4. Мэдсен Пири «Пікірталас өнері»
Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: