2024 жылы мерекелер күнтізбесі: қай күндері демаламыз

8 Қаңтар, 14:30 6560

2024 жылға мемлекеттік және ұлттық, кәсіби  мерекелер күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік және ұлттық мерекелерге орай азаматтар келесі күндері демалады: 

1-2 қаңтар – Жаңа жыл;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады (азаматтар 21 наурыздан 25 наурызға дейін демалады). Ал 26 наурыз жұмыс күні.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні;

6 шілде – Астана күні, бірақ мереке сенбіге түскендіктен, демалыс күні дүйсенбі – 8 шілдеге ауыстырылады (6, 7, 8 шілде демалыс күндері);

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;

25 Қазан – Республика күні;

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелер:

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

10 қаңтар – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының күні;

1 ақпан – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні;

2 ақпан – Ұлттық баспасөз күні;

15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

1 наурыз – Алғыс айту күні;

9 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) –  жерге орналастыру, геодезия және картография күні;

7 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) – Геологтар күні;

12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні;

21 сәуір – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі күні;

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;

26 мамыр (мамырдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні;

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні;

5 маусым – Экологтар күні;

7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметшілерінің күні;

9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісі, қызметкерінің күні;

9 маусым (маусымның екінші жексенбісі) –  Жеңіс өнер қызметі күні;

9 маусым (маусымның екінші жексенбісі) –  Малшылар күні;

16 маусым (маусымның үшіншісі жексенбісі) – Медицина қызметінің күні;

23 маусым – Полиция күні;

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні;

24 маусым – Судьялар мен сот қызметкерлері күні;

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні;

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні;

7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні;

9 шілде –  Су шаруашылығы қызметкерлері күні;

13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні;

14 шілде – Нотариат күні;

14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні;

21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі) – Металлург күні;

28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі) – Сауда қызметкерлері күні;

4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) – Көлік қызметкерлері күні;

10 тамыз – Абай күні;

11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) – Құрылысшылар күні;

18 тамыз – Шекарашылар күні;

25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) – Шахтерлер күні;

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні;

1 қыркүйек (қыркүйектің бірінші жексенбісі) – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні;

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні;

8 қыркүйек (қыркүйектің екінші жексенбісі) – ҚР-дағы Отбасы күні;

15 қыркүйек (қыркүйектің үшінші жексенбісі) – ҚР аналар күні;

28 қыркүйек – атом саласы қызметкерлерінің күні;

29 қыркүйек (қыркүйектің соңғы жексенбісі) – Еңбек күні;

30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні;

29 қыркүйек (қыркүйектің соңғы жексенбісі) – Машина жасау күні;

1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;

5 қазан – Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;

16 қазан – Нан күні;

19 қазан – Құтқарушылар күні;

20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – Кітапханашылар күні;

27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

5 қараша – Сыртқы барлау күні;

8 қараша – Статистика күні;

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні;

15 қараша –  Ұлттық валюта-теңге күні, ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі;

16 қараша (қарашаның үшінші сенбісі) – Бұрғылау күні;

17 қараша (қарашаның үшінші жексенбісі) –  Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні;

5 желтоқсан – Адвокатура күні;

6 желтоқсан – Прокуратура күні;

15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) – Энергетика күні;

20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;

22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: