2024 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақы қанша болады?

6 Желтоқсан 2023, 11:10 2076

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заңға сәйкес 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;

мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;

зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43407 теңге болып бекітілді.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат осы аталған сомалардың 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: