2024 жылы елімізге Қытайдан 655 мың турист келген

7 Ақпан, 03:17 929

2024 жылы Қытайдан келген туристер легі 655 мың адамды құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаевтың айтуынша, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп. Ол туризм жылы аясында өңірлер, туркомпаниялар, агенттіктер мен медиа платформалар арасында 200-ден астам келісімге қол қойылғанын алға тартты.

Іс-шаралар ақпараттық алаңда да кеңінен көрініс тапты. 1,3 млрд-тан астам аудиториясы бар қытайлық ірі медиа мен әлеуметтік желілерде Қазақстан туралы хабар таратылды. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде танылуын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді, - деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.

Ресми түрде 2025 жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланды.

Асқар Таудай
Бөлісу: