2024 жылы әскерге шақырылатын жастар саны артады

5 Тамыз, 12:46 515

2024 жылы әскерге шақырылатын жастар саны артады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкімет қаулысына енгізілетін өзгерістер жобасынан белгілі болды. 

Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40 148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізілсін, – делінген қаулының жаңа нұсқасында. 

Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны динамикалы түрде артып келеді. Айталық, 2023 жыл қорытындысы бойынша, 37 мың ер адам әскер қатарына шақырылды.

Ал 2022 жылы әскерге барған жастар саны 35 мыңнан аз болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 32 мыңнан астам болған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: