«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтіп, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен беріледі.
Нәтижесінде комиссия 6 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жобаны іріктеп алды.
Грант тапсыру салтанаты желтоқсан айында Астанада өтеді. Жеңімпаздар жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, биыл өтініштер 5 тамыз бен 6 қазан аралығында қабылданды. Барлығы 1284 өтініш келіп түсті. Оның 897-сі, оның ішінде «Бизнес» бағыты бойынша – 495, «Ғылым» мамандығы бойынша – 62, «Мәдениет» мамандығы бойынша – 107, «Ақпараттық технология» бойынша – 94, «БАҚ» бойынша – 66, «Еріктілік» бойынша – 73.