2024 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 26,7 мың неке тіркелген

11 Мамыр, 04:27 784

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша халық саны 20 095 963 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 513 014, ауылдықтар – 7 582 949 адам. Үш айда халықтың жалпы өсімі 62 121 адамды құрады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы үш айында 91,9 мың мың сәби дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 33,4 мың адам болды. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 58,4 мың адамды құрады.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 25,10 адам), Түркістан (24,71) облыстарында және Шымкент қаласында (23,57) байқалды.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 12,05), Шығыс Қазақстан (11,98) және Қостанай облыстарында (10,51) тіркелді, бұл осы облыстардағы халықтың жас құрылымымен ерекшеленетін фактор, - делінген мәліметте..

Сондай-ақ биылғы жылдың бірінші тоқсанында 26,7 мың неке және 8,8 мың ажырасу тіркелген.

2024 жылғы қантар-наурызда елге келгендер саны 7471 адамды, елден кеткендер саны 3785 адамды құрады. Осылайша оң көші- қон айырымы тіркелді – 3686 адам. 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 2,7% азайды, ал кеткендер саны 42,1% өсті.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 75,6%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 74,7% құрады.

2023 жылымен тиісті кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп келушілер саны 2,2 есе өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Астана (15390 адам), Алматы (9187 адам), Шымкент (3536 адам) қалаларында және Алматы обласында (168 адам) халықтың көші-қонының оң айырымы қалыптасты.

Зарина Арман
Бөлісу: