2024 жыл сәтті басталды: Жұлдыздар арасындағы бэби-бум

31 Қаңтар, 17:00 6996

2024 жыл басталғалы халықтың демографиясына үлес қосып жатқан отбасылар көбейді. Қаңтар айында 4 отбасының анасы үшемді дүниеге әкелсе, өнер иелері де қалыс қалмай, көпбалалы отбасы атанып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордалық 28 жастағы Ақбота Әбсаттар үшем дүниеге алып келді. Оның 1-еуі ұл бала болса, 2-еуі қыз бала.

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жасар тұрғыны Гаухар Бегалиева өмірге үшем алып келді.

18 қаңтарда астаналық келіншек егізден кейін үшем дүниеге әкелді.

Сарыағашта бес баласы бар Гүлмира Даурбаева үшемнің анасы атанды. Қыздарға Әмина, Сабина, Медина есімдері қойылған.

Ел алдында жүрген өнер жұлдыздары да әке-ана атанғандарын айтып, сүйінші сұрады.

Жаңа жылдың алғашқы күнінде әнші Өмірқұл Айниязов ұлды болғанын сүйіншілеп жеткізді. Әнші ұлына Айсұлтан деп ат қойған.

Сүйінші! Жаңа жылдың алғашқы күнінде ұлды болдым, ағайын! Құттықтап қойыңыздар! – деп жазды ол.

Өнер иесі өзінің сұхбатында 20 жыл бойы жалғыз балаға қарап, көпбалалы әке болуды армандағанын айтқан еді.

Алланың қалауы деген осы ғой. Осыдан 3жыл бұрын ғана Нұртуғанды берген Аллаға шүкірлік етіп менде осы бір бала ғана болуды Алла басыма жазған шығар,ендігі жерде келін алып немере сүйерміз деп жүр едім.Алланың құдіретін қараңызшы Айсониді беріп артынан Айсұлтанды ерітті.Алладан күдер үзбейік, - деп жазды әнші.

Желіде "келінімен жарысып туған ене" деп әзілдеп, жариялаған суреті қызу талқыға түскен еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝓞𝓶𝓲𝓻𝓴𝓾𝓵 𝓐𝓲𝓷𝓲𝔂𝓪𝔃𝓸𝓿 (@omirkul_ainiyazov)

4 қаңтар күні актер Мейірғат Амангелдин де ұлды болды. Ол ұлына Қасымхан деген есім берген.

Сүйінші! 04.01.24 өмірге ұлымыз келді. Ғұмырлы ет, денін сау ет, саналы ет, жаратқан, - деп жазды актердің жұбайы.

Мейірғат Амангелдиннің актер ретінде кинодағы алғашқы рөлі "Қазақ хандығы" филімінен бастау алған. Өнер иесі ұлым болса "Қасымхан" қоямын деген ниеті болған екен. Ал баланың кіндік анасы болу бақыты танымал әнші Қарақат Әбілдинаға бұйырған.

Кіндік ана" статусы өте жауапты дүние. Бұл сыртынан сайлап қоятын өкіл әке-шеше емес. Дүниеге келген сәбидің көзін ашып көретін бірінші адам. Кіндігін кесіп, өзінің бар жақсы қасиетін, энергиясын кіндігімен бойына сіңдірсін деген қазақтың қасиетті бір ырымы. Ал мен ұлымның өмірге құштар, қандай сынақ болмасын атып тұрып алға жүретін алғыр, жүрегі мейірімге толы, айналасына шуағын шашып, көмегін беріп, жан-жағын қуантып жүретін, намысты, бір өзі біраз шаруаны дөңгелетіп жүретін пысық жігіт болғанын қалаймын. Өмірі той-думанға, марапат пен шаттыққа, бақ пен дәулетке толы болғанын қалаймын. Бұның барлығы болу үшін адамға иманды жүрек керек. Ұлымда иман байлығы болғанын қалаймын. Осының барлығын жаратқан бір бойына жиған жақсы адам менің Қақатым - ұлымның кіндік анасы, - деп жазды Арайлым Амангелдина.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ᴀᴍᴀɴɢᴇʟᴅɪɴᴀ ᴀʀᴀɪʟʏᴍ ᴀʟᴛʏɴʙᴇᴋᴋʏᴢɪ (@amangeldina_arailym)

 

8 қаңтар күні танымал әнші Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелді. 

Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтаулар мен мадақтар, тек бір Аллаға тән. Қымбатты тілекшілерім. Сіздердің: “ Аман-есен жаның қалсын” деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып , сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс, - деп жазды әнші.

Өнер иесі Instagram парақшасында бесінші қызының әкесі Әлішердің бала қарауды үйретіп жүргені туралы айтып берді.

Маған абайлап көтер, абайлап жатқыз деп ақыл айтып жүр. Негізі бұның алдында төртеу туғанымда, бұл өзінің тұңғышы екенінде дым шаруасы жоқ. Әлі талай қызық болайын деп тұрған сияқты. Қазір кеше ғана тұрмысқа шығып, психолог болып кеткендер бар ғой. Отбасылық өмірге енді қадам басса да, отбасы, бала тәрбиесі туралы сабақ өткізіп жүреді. Солай болайын деп тұрған секілді бізде, - деп жазды әнші. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

 

16 қаңтарда әнші Серік Ибрагимов үшінші рет әке атанды. Ұлы мен қызын тәрбиелеп отырған өнер иесі қуанышты жаңалықты оқырмандарымен бөлісті.

Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші! Мен үшінші рет әке атандым! Баршаңызға жұғысты болсын! Қабырғам, сен батырсың! Ұлды болдым! Баланың атын кім деп қоямыз енді? Біз әлі ойланбадық, – деп жазды әнші.

Әнші ұлына қандай есім қойғанын құпия сақтап отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Serik Ibragimov 🇰🇿 (@ibragimovserik)

 

15 қаңтарда танымал режиссер Қуаныш Бейсек алғаш рет әке атанды.  "Ирина Қайратовна" тобынна түсірілген бейнебаяндар арқылы танымал болған режиссер Қуаныш Бейсеков актриса Ғазиза Тілеубайға үйленген еді. Ол қызына Ғайнижамал деген есім берген.

Қош келдің, Ғайнижамал Бейсек, - деп жазды ол. 

 

18 қаңтарда әнші Айдана Меденова қызды болғанын жария етті.

Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айдана Меденова (@aidanamedenova_officialpage)

21 қаңтарда танымал тележүргізуші Әнуарбек Жалел ұлды болғанын жеткізді. Тележүргізуші Әйкерім Есенәлінің бұрынғы күйеуі екінші рет отбасын құрған болатын.

Шүкірі көп күннен бір естелік. 21.01.2024 жылы дүние есігін Мұстафа Әнуарбекұлы ашты. Өткен жылы осы уақытта Умра сапарында болып, қасиетті мекенде қатты тілеген дұға-тілектерім орындалды. Шүкірден басқа айтарым жоқ. Дариғам өзімнен аумайтын ұл туып берді. 2021 жыл - тоқырау, 2022 жыл - қайта өрлеу, 2023 жыл - жаңару болды, - деп жазды тележүргізуші. 

Қаңтар айының басында миллионер блогер Дархан Жолшыбеков екінші рет әке атанды. 

Қош келдің, қызым! Дарикорн, рақмет саған. Баршаға жұғысты болсын! Әлеуметтік желіден жоқ болып кеткенімнің себебі – осы. Босану процесіне қатысып, қызымды бірінші өзім көрдім. Кіндігін кестім. Құттықтап жатқан жандарға рақмет!, – деп жазды ол. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)

Алмас Абылай
Бөлісу: