2023 жылы Түркістан облысынан 4500-ге жуық азамат әскерге аттанды

3 Қаңтар, 01:15 1016

Түркістан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жастарды ҚР Қарулы күштері қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Жаңа жыл қарсаңында отан алдындағы борышын өтеуге 45 жігіт әскерге аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, жастарға ақжол тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

Биыл Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде әскер қатарына 4500-ге жуық ер-азаматты шақыру жоспарланған. Соның ішінде көктемгі және күзгі науқанда шақыру жоспары артығымен орындалып отыр. Жалпы биыл өңірімізден Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне – 610, Мемлекеттік күзет қызметіне – 44, Қарулы күштеріне – 1869, Төтенше жағдайлар әскерлеріне – 81, «Ұлттық ұланға» 1729 азамат жіберілді. Әскери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау – парыз және қасиетті міндет. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді. Бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Бүгін сіздер ҚР «Ұлттық ұлан» әскерлері қатарына аттанғалы тұрсыздар. Дәстүр бойынша биылғы көктемгі және күзгі міндетті әскери қызметін өтеуге жастарды шақыруда олардың Қарулы Күштердің түрлі салаларына бейімделуі, денсаулығы, физикалық мүмкіндігі бойынша бөлу жұмыстары жүргізілді. 18-27 жас аралығындағы азаматтар қамтылды, – деді Бейсен Тәжібаев.

Жөнелту алдында әскерге шақырылушылар медициналық комиссиядан, психологиялық тестілеуден, кәсіби іріктеуден өтті.

Жалпы облыстан әскерге шақыру науқаны кезінде 4500-ге жуық жігіт әскерге жіберілді. Жыл сайын еліміздің әскер қатарына 4 мыңнан астам сарбаз аттанады. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. Жас сарбаздар Отан алдындағы борышын адал атқарып, кәсіби міндеттемелерді жоғары деңгейде үйреніп шығары анық.

Аталған шарада жақындары мен туыстары болашақ әскери қызметшілерге сәттілік, амандық тіледі.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: