2022 жылы елімізде химия саласында жалпы сомасы 54,6 млрд теңгеге 10 жоба іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлық жоба толық қуатына шыққан бойда өндіріс көлемі шамамен 310 млрд теңгеге жетуі тиіс.
Экспортқа бағытталатын өнім көлемі 260 млрд теңгеге және импортты алмастыру 60 млрд теңгеге жуықтайды деп көзделген.
2023 жылы жалпы сомасы 58,1 млрд теңгеге 14 жобаны іске қосу жоспарланған.
Аталған жобалар арқылы 1040 адам жұмыс орнымен қамтылып, оның 17,6% және 14,4% ауылды жерлер мен моноқалалардың үлесіне тиесілі.
Барлық өндіріс орны жоспарланған қуат көлеміне толық шыққан кезде өндірілген өнім мөлшері шамамен 59 млрд теңгеге жетеді деп болжанып отыр:
- экспорт көлемі 11,6 млрд теңге
- импортты алмастыру 47,4 млрд теңге
Таяу болашақта химия саласында 6 трлн теңгеге 98 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл арқылы 13,9 мың тұрақты жұмыс ашылады деп жоспарланған.
Өңірлер бойынша химия өнеркәсібіне байланысты жобалардың едәуір бөлігі Жамбыл облысына (16 жоба немесе 16,33%) тиесілі. Маңғыстау облысында химия өндірісі бойынша 13 жоба (13,27%) қолға алынған.