Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді. Олар: ең төменгі жалақы – 70 000 теңге; ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 24 341 теңге; ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге; айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге; ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге. Айта кетері, бұған дейін сенат осы заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын.