2023-2025 жылдарға арналған бюджет туралы заңға түзетулер енгізіледі

13 Наурыз 2023, 21:07 1014

Сенат депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыста Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік- экономикалық даму болжамына 2023 жылға арналған бюджет көрсеткіштері болжамын нақтылау бөлігіне өзгерістер енгізілгені атап өтілді.

Заң жобасында өңірлер мен инфрақұрылымды, энергетика саласын, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға арналған республикалық бюджет шығыстарын 2 трлн теңгеден астам сомаға ұлғайту көзделіп отыр.

Комитет отырысында айтылған ақпарат бойынша қосымша бөлінетін қаражат қолжетімді және сапалы білім беруге, медицина желісін одан әрі дамытуға, цифрландыруды өркендетуге және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталатын болады.

Депутаттар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

EL.KZ
Бөлісу: