2022 жылы бітуі тиіс Қалбатау-Майқапшағай жолы неге 2025 жылға қалды?

29 Мамыр, 12:31 651

Мәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі құрылысы ұзаққа созылған жолдар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл біз құрылысы ұзаққа созылған 3 жолды бітіреміз. Бұл Алматы мен Астананың арасы, Атырау-Астрахань және Ақтөбе-Қандыағаш жолдары. Енді «Қалбатау-Майқапшағай» жолы келесі жылға қалады, - деді министр.

БАҚ өкілі министрден «2022 жылда бітуі тиіс «Қалбатау-Майқапшағай» жолы неге 2025 жылға қалды?» деп сұрады. 

Жобаның мердігер компанияларында мәселе болды. Оған қоса бұл пандемияның уақытына сәйкес келді, - деп түсіндірді Марат Қарабаев.

Миражан Махан
Бөлісу: