2022 жылы 14 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді

3 Наурыз 2023, 20:39 1322

Өткен жылы Қазақстанда 43,4 мың тоннаға арналған 14 көкөніс қоймасы пайдалануға берілді. Салынған нысандардың жалпы құны 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көкөніс қоймалары 8 өңірде салынды: Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында.

Бұдан басқа, Алматы және Павлодар облыстарында жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 2 жеміс қоймасы салынды. Сондай-ақ 22,8 мың тонна өнім сақтауға арналған үш картоп қоймасы Қарағанды, Павлодар және Түркістан облыстарында пайдалануға берілді.

EL.KZ
Бөлісу: