12 Қазан 2015, 05:26
– 2016, 2017 және 2018 жылғы маусымда кәсіпқой футбол клубтары арасындағы жарыстарды өткізу құқығы Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына берілді.
– Келесі маусымнан бастап Премьер-лига клубтары қазақстандық футболдың түлектері саналмайтын 8 футболшыны ғана тіркей алады. Олардың алтауының алаңға шығуға құқығы бар. Сонымен қатар, Лига Кеңесінің ұсынысы бойынша Бірінші лига клубтарына қазақстандық футболдың түлегі саналмайтын 3 футболшыны қосу ұсынысы бекітілді.
– 2016 жылғы маусымда Премьер-Лига клубтарында жас ойыншылардың (лимитчик) ойынға қатысуы міндетті емес. Алайда, матч хаттамасында міндетті түрде екі жас футболшы тіркелуі керек. Бірінші лигада 3 жас футболшы (лимитчик) қатысуы тиіс.
– «Қазақстан Республикасы футбол клубтарын сертификациялау ережесі мен УЕФА клубтық турнирлеріне қатысатындар үшін қаржылық «Фэйр - плей» ережесі және «Делдалдармен жұмыс бойынша ҚФФ ережесі» бекітілді.
Сонымен қатар, қазақстандық футболды дамытудың басқа да өзекті сұрақтары талқыланды.
УЕФА ұстанымымен танысқан және Атқарушы комитеттің бюросы қабылдаған шешімдердің негізі бойынша Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті ҚФФ Президентінің екі лауазымды қатар атқаруда қызығушылық кикілжіңі жоқ екенін бірауыздан мақұлдады.
Бүгінде Қазақстанда 700 мыңнан астам адам футболмен шұғылданады. Бұл аз көрсеткіш емес, сондай-ақ, алдағы уақытта футболмен шұғылданатындар анағұрлым артуы да тиіс. Себебі, қазір әртүрлі турнирлер өтіп, футбол алаңдары салынуда.
Футбол әлем бойынша ең танымал спорт түрі болғандықтан салауатты өмір салтын насихаттауда, дені сау ұрпақ тәрбиелеуде таптырмас құралға айналды. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, футбол инфрақұрылымына бөлінген қаржы адам өміріне құйылған инвестиция ретінде, әрі футболдың сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Елімізде балалар арасындағы негізгі турнир – жыл сайын оқушылар арасында өтетін «Былғары Доп» жарысы. Бұл турнир «Coca-Cola» компаниясының қолдауымен 2006 жылдан бері өтіп келеді. «Былғары Доп» турнирі жыл сайын елімізде кеңінен танылып, 2006 жылы турнирге еліміздің әрбір өңірінен әртүрлі жастағы 100 мыңнан астам оқушылар қатысты, 2014 жылы олардың саны 350 мыңға дейін жетті.
Әзірлеген: Досжан Мейірім