11 Тамыз 2015, 07:38
2015 жылы білім грантын иелену конкурсына 67 377 мың адам қатысты. Оның ішінде қазақтілді талапкерлер саны – 53 162, орыстілді – 14 215.
Білім және ғылым министрінің төрағалық етуімен Республикалық конкурстық комиссия білім грантын бөлудің қорытындысын шығарды. Нәтижесін сілтемеден көре аласыз.
Ағымдағы жылы БҒМ 32 168 грант бөлді: 2 500 орын ЖОО-лардағы дайындық бөлімдеріне, 29 668 орын 1 курсқа қабылдау үшін. Күндізгі оқу бөліміне – 29 168 грант, сырттай білім алуға – 500 грант. Білім гранттарын жеңіп алу мүмкіндігіне 60 ЖОО ие болды.
Атап өтерлік жайт, биыл гранттардың 78 пайызы қазақ тiлiнде, 22 пайызы орыс тiлiнде мектеп бітірген балаларға берілді.
Конкурсқа қатысушылар қатарында:
2 116 «Алтын белгі» иегерлері;
1 255 Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері;
163 халықаралық және республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиадалардың жеңімпаздары;
930 халықаралық және республикалық жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстардың жеңімпаздары;
816 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары;
6 Президенттік олимпиада жеңімпаздары.
Бұлардың бәрі білім грантын бөлуде басымдыққа ие.
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы шеңберінде студенттерді оқыту үшін квотамен түскен білім гранты иегерлерінің тізімі
Білім гранты иегерлерінің тізімі - 191 – «Қаржы академиясы» АҚ
Жоғары оқу орындарының тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады
Дәурен Омаров
11 тамыз, 2015 жыл