2009 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ Түркияда ұсталды

26 Қыркүйек, 12:30 407

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция дерегінше, 2009 жылы ол Ақтау қаласындағы банктердің бірінің директорының орынбасары бола отырып, жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазіргі уақытта қамауда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: