20 Шілде 2015, 08:38
Жартысынан көбісі ота жасаушылардың араласуынсыз өткізілетін күрделі қазіргі заманғы шағын инвазивті операциялар емделушілердің қалпына келу және сауығу үдерісін айтарлықтай тездетеді. Жаңа жоғары технологиялық әдіснамаларды қолдана отырып, күрделі операцияларды жүргізу әскери хирургтардың артып келе жатқан кәсібилігінің арқасында мүмкін болып отыр. Шет елдерінің ірі медициналық мекемелерімен ретке келтірілген ынтымақтастығының арқасында олардың Англия мен Германияда оқуға мүмкіндіктері бар, Ресей, Украина және Үндістан дәрігерлерімен бірлескен операцияларға қатысады. Ал содан кейін әскери госпитальде емдеудің заманауи әдістерін енгізеді, отандық әскери медицинаның деңгейін арттыра отырып, әріптестерімен тәжірибе алмасады.
Қазіргі уақытта әскери госпитальдің хирургтары диагностиканың, хирургиялық және консервативтік емдеудің жаңа әдістерін зерделеуде. Оның ішінде жарыққа ота жасау, жарақаттар, өкпе қабынуы кезіндегі операциялар, күрделі реконструктивті-пластикалық және пластикалық операциялар.
Бас әскери клиникалық госпиталь 2012 жылы жаңа ғимаратқа қоныс аударған. Қаулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Астанада Бас әскери клиникалық госпитальдің жаңа кешені ашылып, содан бері Отан қорғаушыларға сапалы медициналық көмек көрсетіліп келеді.
Бүгінгі күні госпитальда 6 диагностикалық және 16 клиникалық бөлімше, оның ішінде жаңадан ашылған урологиялық, гинекологиялық және отоларингологиялық бөлімшелер бар. Медициналық мекемеде астаналық гарнизондағы әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері, Қарулы Күштердің ардагерлері жаңа технологиялар бойынша жан-жақты ем қабылдайды.
Жыл сайын әскери емдеу мекемелерінде 27 мыңға жуық адам стационарлық ем қабылдайды. Оның ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері, Қорғаныс министрлігінің зейнеткерлері және азаматтық персонал бар.
Әскери қызметшілерге жоғары сапалы медициналық жәрдем көрсетуде ҚР Қорғаныс министрлігінің Астанадағы Бас әскери клиникалық госпиталы жетекші рөл атқарады. Онда әскери дәрігерлер мен медициналық персоналдың әлеуетті құрамы жұмыс істейді.
Әскери денсаулық сақтау саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы әскери медицина жұмысының сапасын жетілдіруге және әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған.
Әзірлеген Тұмар АСЫЛ