Almaty Half Marathon өткізілуіне байланысты, 20 сәуір күні сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, қоғамдық көлік бағыттарына өзгерістер енгізіледі.
68 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
№1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустарының қозғалысы сағат 11:30-ға дейін тоқтатылады.
Әр бағыт бойынша уақытша қозғалыс сызбаларын @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы тіркелген құжаттан көруге болады.
Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз.