20 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

19 Маусым 2023, 10:26 729

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15:00-де Астана қаласында шақырылсын, - деп жазылған өкім мәтінінде.

EL.KZ
Бөлісу: