20 күнге қамалған Төреғали Төреәлі ауруханаға жеткізілді

16 Маусым 2023, 09:31 17508

Есірткі шегіп, мас күйінде көлік жүргізген әнші Төреғали Төреәлі шұғыл түрде жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізлді. Бұл туралы әншінің  адвокаты Эльнура Кішкенбаева мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокаттар Төреғали Төреәлі жатқан уақыт ұстау изоляторға жедел-жәрдем шақырған.

Оны Алматыдағы №7 ауруханаға жеткізді. Қазір әншінің жағдайы орташа, - дейді Эльнура Кішкенбаева.

Жалпы адвокаттың айтуынша, Төреғали Төреәлі Қызылордаға ұшамын деп асыққан.  Сондыққан бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жылдамдықты үдеткен. Полицейлер бірінші рет тоқтатқан, сосын жіберген, бірақ біраз уақыт өткен соң қайтадан соңынан қуған. Сөйтіп, ұстаған көрінеді. 

Айта кетейік, 14 маусымда Алматыда Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Әншінің қарындасы Дина Төреәлі  "Тілімді қышытпаңдар, ағамды соңына дейін қолдаймын" деп айтты.

Алмас Абылай
Бөлісу: