20 градус аяз: Синоптиктер күн қайта суытатынын айтты

7 Наурыз, 09:22 5120

Синоптиктер Қазақстанда 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Термометр бағаны күндіз мынадай белгіге жетеді: республиканың батыс облыстарында 0-8 градус жылы, солтүстік облыстарда 4 градус аяз - 1 градус жылы, оңтүстік облыстарда 10-20 градус аяз болады, - делінген хабарламада.

9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: