«2 жасар бала әкесін жұмысқа жібергісі келмеген». Кеншілердің туыстары мән-жайды айтты

30 Қазан 2023, 10:55 2342

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің үйіне барды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол отбасылардың қазіргі өтіп жатқан қиындықтарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін айтты.

9 кеншінің артында кәмелетке толмаған балалары қалған. Отбасылардың қазір басынан өтіп жатқан қиындықты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір кеншінің 2 жасар баласы әкесін жұмысқа жібергісі келмей, аяғынан ұстап тұрған суреті қалыпты. Тағы бір кеншінің анасы ұлының жұмысқа кетерінде мәңгіге кетіп бара жатқандай қоштасқанын есіне алып жатыр, - деп жазды ол инстаграмдағы парақшасында.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: