2 қазанға арналған ауа райы болжамы

2 Қазан, 08:32 388

«Қазгидромет» 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне қарай жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстігінде, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар жауады.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында ғана жоғары қысымды өрістің әсерінен ауа құрғақ және жылы болады. Қазақтан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман түседі.

Қарағанды, Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: