2 қазанда ел аумағында үсік жүреді

2 Қазан 2023, 08:17 679

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон сілемі әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста, елдің орталығында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал оңтүстік – шығыстың таулы аймақтарында қар аралас жауын жауады. Республика бойынша тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, күндіз елдің орталығында екпінді жел соғады, күндіз орталықта бұршақ жауады.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-2 градус үсік жүреді.

Түркістан, Орталық, Шығыс, Қызылорда облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Маңғыстау облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Перизат Саденова
Бөлісу: