2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

2 Қараша 2022, 07:46 1786

Тұман, екпінді жел, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте – көктайғақ

2 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады. Онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

El.kz бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша – тұман, екпінді жел, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте – көктайғақ, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болжанады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: