2 облыста жол жабық тұр - ҚазАвтоЖол

19 Ақпан, 14:28 685

19 ақпан сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
  
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожоолдарды қысқы күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: