2 млрд теңге ұрланды: Талдықорғанда білім бөлімінің қызметкерлері ұсталды

19 Сәуір 2023, 14:06 1039

Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деген күдікке ілінді. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды.

Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

EL.KZ
Бөлісу: