«2 градусқа дейін аяз». Алдағы күндері ауа райы қандай болады

4 Қыркүйек, 13:45 1040

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысын қатты жаңбыр жауады.

7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: