«19 жастағы ұлымды өлтіріп, 9-қабаттан лақтырып жіберді». Марқұмның анасы үндеу жасады

14 Қазан, 17:50 1466

Астанада көпқабатты үйдің жанынан 19 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның анасы әлеуметтік желіде видео-үндеу жасады.

Төрт адам 19 жастағы ұлымды өлтіріп, тоғызыншы қабаттан лақтырып жіберген. Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды. Төрт балам бар. Балам темекі шекпейтін, ішпейтін, академияда оқыды. Қазір оны ішкендей етіп көрсеткісі келеді. Мені ешкім тыңдамайды. Қылмыскерлер заң бойынша жазаланғанын қалаймын, - дейді әйел.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 13 қазанында тіршілік белгісі жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Полиция қызметкерлері келгеннен кейін марқұмның жекебасы анықталды. Алматы аудандық ішкі істер басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада. 

 Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: