18 жастағы студент TikTok түсіремін деп теңізге батып кетті

8 Маусым 2022, 11:45 2358

Фото: inform.kz

Ақтауда 18 жастағы жігіт суға кетті, деп хабарлайды El.kz қалалық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

7 маусым күні кешкі 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен.

«Суға кеткен адам - 2004 жылы туған Бейнеу ауданы Боранқұл ауылының тумасы. Бозбала Маңғыстау өнер колледжінің 1-курсында оқып жүрген, сол оқу орнына қарасты №5 жатақханада тұрған. Қазіргі уақытта марқұмның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр», - дейді Ақтау қаласы төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының офицері, аға лейтенант Азамат Төлегенов.

ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге секірген, екеуі жағаға жүзіп шыққанымен үшінші жігіт суға батып кеткен. Іздеу жұмысына 15 құтқарушы және екі сүңгуір тартылған.

Бөлісу: