18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

18 Қараша 2022, 09:24 1240

Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі

Қазгидрометтің болжамынша 18 қараша күні ел аумағында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты Қазақстанның батысы мен шығысында, солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды El.kz.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -13 -15°С, күндіз -7-9°С болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз +5+7°С болады.

Шымкенттекөшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С болады.

EL.KZ
Бөлісу: