18 наурызға арналған ауа райы болжамы

18 Наурыз 2023, 09:00 1082

«Қазгидромет» РМК-сы 18-ші наурыздағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, атлантикалық циклон жырасының әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

EL.KZ
Бөлісу: