18 наурызға арналған ауа райы болжамы

17 Наурыз, 19:36 4036

«Қазгидромет»РМК мамандары 18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын алға тартты.

Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің жүруіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, атап айтқанда, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанады, - делінген мәліметте. 

Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі сынды ортақ табиғи құбылыс байқалады, ал батыс өңірде көктайғақ, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деп күтіледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: