18 мамырда еліміздің барлық өңірінде найзағай аралас жаңбыр жауады

17 Мамыр 2023, 22:46 716

"Қазгидромет" қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің барлық өңірінде найзағай аралас жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және орталығында бұршақ жаууы ықтимал.

Республика бойынша жел күшейеді, Жамбыл облысында түнде және таңертең таулы аудандарында тұман күтілуде.

"Жамбыл облысының түнде солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз шығысында, таулы аудандарында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, күндіз Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, Маңғыстау облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі", - делінген хабарламада.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан  облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Ұлытау облысында, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: