«18+». Алматыда мәйітхана күзетшісі мүрделерге азғындық жасаған

29 Сәуір, 16:14 4452

Алматы қаласында некрофилияға күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-дағы арнасына қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын хабарлады.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы («Қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Журналистің мәліметінше, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген де ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18+ фотолар болған.

Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кету керек, ҚР ҚК-нің 314-бабы санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: