17 маусымға арналған ауа райы болжамы

17 Маусым 2022, 08:51 1790

Ел аумағының басым бөлігіне, әліде атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ, дауыл болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Шығыста, Алматы облысының таулы аудандарында желдің күші 15-20, облыстың шығысында екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ, дауыл, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыында, таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында бұршақ жаууы ықтимал, облыстың оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының таулы аудандарында дауыл, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу: