South China Morning Post басылымы ақпаратынша, адам саудасының белсендісі Шангуан Чжэньи әлеуметтік желілер арқылы 2 ақпанда жасөспірім қыздың Цзянси провинциясының 50 жастағы тұрғыны үшін суррогат ана болғанын жариялады. Сондай-ақ, эмбрионды имплантациялау кезінде қыз небәрі 16 жаста болған, яғни жас ана 2007 жылы туылған болып шықты. Бұл оқиға Қытай халқын дүр сілкіндірді.
Тапсырыс беруші медициналық компаниямен келісімге қол қойып, суррогат анаға 730 мың юань (51 миллион теңгеден астам) төлеуге келісім берген. Келісімде тапсырыс беруші егіз ұлдарды сұраған.
Порталдың мәліметінше, ер адам үйленбеген, сондықтан балалары дүниеге келгеннен кейін туу туралы куәлік алу және жаңа туған нәрестелерді тіркеу үшін жасөспірім қызды әйелі ретінде көрсетуге мәжбүр болған. Осылайша, ол жас суррогат анаға 900 мың юань төлеген.