17 қазан күні Алматыда жедел құлақтандыру жүйесі тексеріледі

15 Қазан, 03:23 444

Алдағы бейсенбіде Алматыда Mass Alert жүйесі жаппай сынақтан өткізіледі. Алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сынақ хабарламалары «Президенттік ескерту» немесе «Ұлттық ескерту» белгісімен келеді. Себебі бұл халықаралық сипаттама, барлық телефонның операциялық жүйесінде жедел құлақтандыру іске қосылған кезде қолданылады.

Қала тұрғындары мен қала қонақтарына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі бұл жай ғана сынақтан өткізу. iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына «Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту» деп жаңарту керек. Бұған дейін 31 мамырда Android жүйесіне арналған сынақ сәтті өткен болатын,-деп атап қала әкімдігі.

Зарина Арман
Бөлісу: