17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Бүгiн, 09:18 332

17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күн – мәдениет пен салт-дәстүрдің ұлт жанының ажырамас бөлігі екенін еске салатын маңызды сәт. Адамдар ата-баба даналығына терең бойлап, салт-дәстүр, музыка, би және қолөнер арқылы рухани мұраны сақтап, жаңа заманға бейімдейді.

Бұл күн ежелгі әдет-ғұрыптарды құрметтеуге, олардың маңызын терең түсінуге және оларды заман талабына сай жаңғыртуға үндейді. Осылайша, дәстүрлер өз мәні мен құндылығын жоғалтпай, жаңа сипат алып, қайта жанданады. Бұл – өткенге құрметпен қарау арқылы кемел болашаққа қадам басуға мүмкіндік беретін кезең.

Бұл күн әрбір адамға мәдениеттің тек сыртқы өрнек емес, ең алдымен ішкі рухани байлық екенін, өмірдегі сұлулықты көре білу мен өз тарихын қадірлеу арқылы жарқын болашаққа ұмтылу қажет екенін ұғындырады. Бұл – ата-баба мұрасын сезініп, дәстүрлі құндылықтармен қауышып, рухани кемелденуге бағыт алатын ерекше уақыт.

Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған түрлі іс-шаралармен ерекшеленеді. Республика көлемінде ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттайтын байқаулар, жәрмеңкелер, фестивальдер және қазақстандық авторлардың шығармашылық кештері ұйымдастырылады.

Қазіргі таңда елімізде тәуелсіздік рухы нығайып, ұлттық бірегейлік қалыптасып келеді. Сонымен қатар, салт-дәстүрді жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұрпақтар сабақтастығын нығайту, халықтық әдет-ғұрыптарды қайта жандандыру, тарихи символдарды қалпына келтіру және ұлттық мұраға негізделген жаңа мәдени парадигманы дамыту басты бағыттардың біріне айналып отыр.

Қоғамның мәдени-тарихи мұраға деген қызығушылығы артып, бұл үрдіс күнделікті өмірге айтарлықтай ықпал етуде. Мысалы, дәстүрлі қазақ тағамдарына сұраныстың артуы – табиғи өнімдерге негізделген салауатты тамақтану үрдісінің айқын көрінісі. Осыған ұқсас тенденциялар басқа салаларда да байқалады: ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықтың артуы, әдебиетке бетбұрыс, классикалық шығармалардың жаңаша оқылуы, ал музыка индустриясында халықтық мотивтердің заманауи өңделуі.

Бұл үрдістер Наурыз мерекесінің жаңа концепциясымен толық үндеседі: ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлер XXI ғасырға бейімделіп, жаңа сипатқа ие болуда. Тарихи тәжірибеге негізделген, уақыт талабына бейім мәдениет – Қазақстанның тұрақты дамуының негіздерінің бірі.

Бұл күні мәдени мұраны жаңғыртып қана қоймай, халықтың кең көлемде қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында:

Бұл іс-шаралар әр адамға мәдени мұраны терең сезініп, дәстүрлердің маңызын ұғынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ортақ құндылықтар мен идеялар төңірегінде халықтың бірігуіне, өткен мен бүгіннің байланысын нығайтуға жол ашады.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: