#16 Blue тобындағы Simon домбыра үйренгісі келеді

26 Қаңтар 2015, 10:45

Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының он алтыншы жарияланымын ұсынамыз!

Құрметті достар! Назарларыңызға «Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының он алтыншы жарияланымын ұсынамыз!  Қазақстанға серуендеп келген не елімізде тұрып жатқан шетел азаматтарының интернет желісіне салған қызықты суреттерін жариялап отырамыз.

Желтоқсан айында Швейцарияда өткен концертке еліміздің атынан домбырашы, Turkvizyon-2014 байқауына қатысқан НұржанТәжікенов барғанды. Сол концертте өнер көрсетуге келген атақты Blue тобының орындаушысы Саймон қасиетті аспабымыздың дыбысына таң қалып, естелік суретке түсіпті.

Ал келесі суреттер шетелдік танымал блоггер, журналист әрі саяхатшы Слава ханымның парақшасынан. Күні кеше келіп кеткен қонағымыз жеке сайтында еліміз туралы қызықты әрі ауқымды мақалалар жазып, алған әсерлерімен бөлісті.

Астаналық Майкл мен жұбайы Луиза өткен аптада Есіл жағалауында серуендеп келген. Мұзды суға шомылып жатырғандармен әңгімелесіп, демалыс күнін салауатты өмір салтына арнады.

Түркиялық Седа ханым ұлттық банкнотамыздың ерекше дизайнына таң қалды.

Ұлыбританиялық Дэвид жарты жылға созылатын қыс мезгілін бұдан бұрын көрмепті.


«Қазақстан шетелдіктер» көзімен фотоайдарының алдыңғы бөлімдерін осы сілтеме арқылы көре аласыз!

Фото: Instagram, Facebook

Әзірлеген: Айгүл Шерниязова

Бөлісу: