15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтықтан білім алатыны рас па

23 Тамыз, 14:03 1769

Мессенджерлерде «15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ведомство хабаралуынша, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі.

Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі, - делінген хабарда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: