15 қарашаға арналған ауа райы болжамы

15 Қараша 2022, 09:00 1858

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

15-16 қараша аралығында таулы өңірлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жамбыл облысының тау және тау етегіндегі аудандарда баурайлық ағынның қалыптасуы мен өзендерде су деңгейлері көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz

15 қараша күні Іле Алатауында оңтүстік-батыс желі соғады, кей уақытта күгі - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Жетысу Алатауына кей уақытта тұман түседі. Қырғыз Алатауы жауын-шашынды, кей уақытта қатты жауын-шашын (жанбыр, қар) жауып, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде - 15-20, екпіні - 23-28, кей уақытта 30 м/с және одан да көбірек соғады. Талас Алатауы жауын-шашынды, кей уақытта қатты жауын-шашын (жанбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Батыс желі, түнде және таңертең екпіні - 15-20 м/с. Батыс Алтайда жаяу бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады. Тарбағатайда жаяу бұрқасын, көктайғақ. Онда да оңтүстік-батыс желі кей жерлерде - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін соғады.

«Осы күні Алматы облысында күндіз жаңбыр жауады. Онтүстік-батыс желі, облыстың солтүстігінде, бытысында, таулы аудандарда кей уақытта - 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Ал 16 қарашада Жетісу облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар). 15-16 қарашада солтүстікте, таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында - 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с дейін барады, 16 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады», - деп жазды синоптиктер.

Бүгін Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, күші - 15-20, екпіні 23 м/c күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

15 қарашада Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында көқтайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында күші - 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Астана қаласында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.

15 қарашада түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с.

«Бүгін Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында - 17-22 м/с», - делінген хабарламада.

15 қарашада Абай облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан - 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қасындағы Шығыс Қазақстан облысында да жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысында жауын-шашын күтіледі, облыстың шығысында қатты жауын (көбінесе қар) жауады. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

«Бүгін Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Шымкент қаласында 15 қарашада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр басымырақ) күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. қ

Қарағанды қаласында түнде және таңертең қатты қар жаууы мүмкін. Кей уақытта көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады. Батыстан жел соғады», - деп хабарлады синоптиктер.

Ұлытау облысының басым бөлігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні - 17-22, солтүтсік-шығысында кей уақытта 28 м/с дейін барады.

EL.KZ
Бөлісу: