15 млнға сатылған мектеп мемлекетке қайтарылды

14 Маусым 2023, 17:34 636

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жекеменшікке өткен мектептің мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, мектептердің тапшылығы байқалады. Үш ауысымды 51 мектеп бар. Нақты осы мектеп жайлы айтар болсақ, біраз уақыт соттастық. 8 маусым күні жекеменшікке алған адам мемлекетке қайтарып берді, – деді аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында 250 балаға арналған Ломоносов атындағы орта мектеп жекенің қолына 15 млн теңгеге сатылып кеткені туралы мәлімдеген болатын. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл мәселенің анықталып жатқанын айтқан еді. Сондай-ақ 8 маусымда Қарасай ауданының архиві өртенгенін хабарлаған едік.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: