15 ақпанда елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

15 Ақпан 2023, 08:33 1142

Қар жауып, жел күшеюі ықтимал

15 ақпанда республика аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Соған байланысты синоптиктер қар, республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын орын алады деп болжады. Сонымен қатар жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.  Ал елдің барлық өңірінде тұман мен көктайғақ болады.

Түркістан облысында түнде таулы аудандарда қалың қар түсуі мүмкін.

EL.KZ
Бөлісу: