14 ақпан кинопремьералары

14 Ақпан 2018, 12:58 4396

Қазақстандық тағы бір фильм прокатқа шықты

Халықаралық деңгейде аталып өтілетін Әулие Валентин күніне байланысты, сондай-ақ ертең шыққалы жатқан Marvel студиясының «Қара пантера» блокбастерімен бір кестеге шығып, бәсеке болудан тартынған кейбір кинофильмдер бүгін жарық көріп жатыр. Бейсенбіден бұрын шығып кеткен премьераларға тоқталамыз.

«Каникулы в Таиланде» - Нұрлан Қоянбаевтың командасы жасаған тағы бір комедия. Ол басқаратын компания осыған бейін «Бизнес по-казахски» және «Бизнес по-казахски в Америке» картиналарын шығарға еді. Осы жолы да Қоянбаев продюсер әрі актер міндеттерін атқарды.

Қысқы каникул кезінде студенттер жатақханасында тек үш тұрғын қалады. Олар - студенттер Ермек пен Дәурен және оқытушы Асхат ағай. Асхат ағай әйелімен ұрысып қалып, ол да жалғызсырап отыр еді. Оқытушы студенттерді бөлмесіне шақырып алады. Олар байқаусызда әулиеге "оқытылған" су ішіп қояды да, нағыз қызық осыдан басталады.

«Мальчишник в Вегасе» іспетті комедия болады деп күтеміз.

«Сердцеед» («Le retour du héros») – француз режиссері Лоран Тирардың тарихи комедиясы. Басты рөлдерде - Жан Дюжарден мен Мелани Лоран.

Көркем, ловелас капитан Невиль Напалеон армиясымен бірге Австрияға аттанып бара жатып, сүйген қызына күн сайын жазып тұруға уәде береді. Алайда хат келмейді, бұл Полиннің жүрегін жаралайды. Оның сіңлісі Элизабет Невилдің атынан хат жазып тұрмақшы болады. Ол Полинге ерлікке толы оқиғалары бар хаттар жазып, ақырында оны батырлықпен қаза тапқан адам қылып шығарады. Бірақ күндердің күнінде тірі Невиль оралады.

«Мұз» («Лёд») – Ресейдің спорт мелодрамасы. Жобаға былтырғы «Притяжение» авторлары атсалысқан.

Надя бала кезден бері мәнерлеп сырғанаудың жұлдызы болуды армандаған еді. Ол арманына қол жеткізеді, өзі ең бақытты адаммын деп ойлайды. Алайда тағдыр оған жаңа сынақ дайындап қойған еді. Одан сүрінбей өту үшін бала кезіндегідей арманға сене білуі керек.

Бүгін прокатқа шыққан премьералар легі осындай.

Ернар Бекенов
Бөлісу: