140 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

22 Маусым 2022, 15:38 2847

Биыл заңсыз иеленген 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр.

«AMANAT» партиясының жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару мәселесімен айналысып жатыр, деп хабарлайды Еl.kz.

«AMANAT» партиясының хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Дәулет Кәрібек комиссия мүшелерінің жерді мемлекетке қайтару мәселесімен түбегейлі айналысып жатқанын жеткізді.

– Жер аманаты ұйымының басты міндеті пайдаланылмай жатқан жерлер, заңсыз жерлер, жайылымдық жерлердің мемлекеттік меншігіне қайтару. Қазір ауыл-аймақитарда жер жоқ, тіпті мал жайылым да жоқ. Заңсыз жекеменшікке өткен жерді мемлекетке қайтарамыз. Біздің комиссия әр өңірге тұрақты шығып, ақпарат ұсынамыз. Соңғы бір аптада партия бастамсымен 140 мың гектардан астам жер ауыл тұрғындарына қайтарылды, - деді Дәулет Кәрібек.

 Өткен аптада «AMANAT» партиясының араласуымен Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғындары 80 мың гектардан астам жайылымдық жерге қол жеткізді. Жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, ауыл әкімдері және жергілікті қоғамдастық арасындағы меморандум шеңберінде берілді.

 – Біз ең шалғайдағы ферма, қыстақ, жайлауларда болдық. Қайда барсақ та, еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейінгінің айтатыны – жер мәселесі. 30 жылдың ішінде көптеген олигархтар ауылда тұратын азаматтарды нарықтық қарым-қатынастың заңдылықтарын білмегендіктен арбап, алдап ұпайларын банктерге сатып жіберген. Бұл бірқатар облыстарда өзекті мәселеге айналып отыр. Қаланың өзінде де нүктелі құрылыс, тығыз құрылыс мәселесі бар. Комиссия алдағы уақытта бұл мәселені шешуді көздейді, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комиссия мүшесі Ерлан Сайыров.

Еске салайық, соңғы бірнеше ай ішінде комиссияның күшімен Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Бақытнұр Бейсенбай
Бөлісу: